Вернуться к списку статей

Әйелдер арасындағы ел біріншілігі аяқталды

Футбол
1K
Футболдан қыздар арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті. Бірінші орынды «БИІК-Қазығұрт» иемденсе, екінші орын «Астана» арулары бұйырып, Алматының «Барысы» қола жүлдеге қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатына биыл бес команда қатысқан. Жоғарыдағы үштіктен бөлек, Ақтөбенің «№2 ОБЖСМ» қызздары мен Шымкенттің тағы бір командасы «БИІК-№7 МБЖСМОР» бар.

Соңғы турда Шымкет дербиі мен қос астананың текетіресін тамашаладық. Әлбетте, оңтүстік дербиінде бәрі де әу бастан-ақ анық еді. Бірінші ойын 4:0 ес ебімен аяқталса, жаңа ғана аяқталған екінші матчта «Қазығұрт» қыздары сіңлілерін тағы да ойсырата жеңді.

Бәрінің күткені елордадағы кездесу еді. «Астана» мен «БАРЫС-ЖСШММ» командалары кездескен. Алматылықтарға екінші орынды иемдену үшін екі ойында да қалайда жеңіс қажет болатын. Осы үшін олар Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен деген де сыбыстар шыққан. Бірақ қаржы тапшылығына байланысты Түркияға бара алмапты. Нәтижесінде, бірінші матч 4:1 есебімен аяқталды. Алдымен Ирина Чукисова пенальтиден есеп ашса, үзілістен кейін Мария Ялова, Аида Гаистенова және Виолетта Мицул таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді. Осыдан кейін ғана алматылық арулардың бір гол соғуға шамалары жетіп, Бегайым Қырғызбаева 11-метрлікті дәл орындады.

Екінші ойынға «астаналықтар» босаңсып шықты. Күміс жүлде қалталарында еді. Сондықтан, матчқа аса күш те салған жоқ. Бірінші таймда Ирина Чукисованың соққан голынан кейін таблодағы көрсеткіш сол күйі өзгерген жоқ. Қорытынды есеп – 1:0.

– Құрылғанымызға бірінші жыл ғана болды. Алғашқы маусымда-ақ 2-орын алғанымыз үшін қуаныштымыз. Енді келесі маусымда чемпиондық үшін барымызды саламыз. Өзім «Астанада» қалсам деймін. Өйткені, бұл клубта менің шеберлік деңгейім де өсіп келеді. Жыл бойы ұмтылып, ақыры алғашқы голымды да соқтым, - деді осы маусым туралы өз ойын білдірген команданың жартылай қорғаушысы Аида Гаистенова.
 

Қазақстан біріншілігінің турнир кестесі

Орын

Команда

Ойын

Жеңіс

Тең ойын

Ұтылыс

Доптар

Ұпай

1

БИІК-Қазығұрт (Шымкент)

16

13

3

0

105-4

42

2

Астана

16

11

3

2

72-10

36

3

Барыс-ЖСШММ (Алматы)

16

9

0

7

41-26

27

4

БИІК-№7 МБЖСМОР (Шымкент)

16

2

1

13

7–60

7

5

№2 ОМБЖСМ (Шымкент)

16

1

1

14

3–128

4

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика