Вернуться к списку статей

“Челси” мен “Манчестер Сити” Қазақстан чемпионымен кездеспейді

Футбол
2K
Қазақстан чемпионының қарсыласы бейсенбі күні анықталады. Фото: uefa.com
Бейсенбі күні әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, 1/16 финалында кездесетін командалар жұбы түзіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 команда плей-офф сатысына тікелей шықты. Ал тоғыз команда топтық кезеңдегі додаға қатысып, өз топтарында бірінші орынға ие болды. Енді осы 32 команда рейтингтік коэффициенттері бойынша екі қоржынға (себетке) бөлінді.

Қазақстан чемпионы, яғни «БИІК-Қазығұрт» қыздары – екінші қоржында. Рейтингтік коэффициенті – 17,270. Ал бірінші себетте әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының былтырғы жеңімпазы, «Лион» қыздары көш бастап тұр.

Айтпақшы, былтыр финалға шыққан «Вольфсбург» рейтингтік көрсеткіші бәрінен жоғары болса да, екінші орында тұр. Өйткені, бірінші орынға жеңімпаз орналасқан.

Қазақстан чемпионы «Челси», «Манчестер Сити», «Атлетик», «Твенте», «Штурм» сынды клубтармен кездеспейді. Олар – екінші себетте. Есесіне, былтырғыдай «Барселонамен» кездесіп қалуы әбден мүмкін.

Бірінші қоржын:

"Лион" (FRA, чемпион) 114,410
"Вольфсбург" (GER) 116,535
"Русенгорд" (SWE) 85,615
"Пари Сен-Жермен" (FRA) 74,410
"Фортуна" Йорринг (DEN) 51,705
"Брондбю" (DEN) 50,705
"Барселона" (ESP) 49,695
"Россиянка" (RUS) 44,365
"Глазго Сити" (SCO) 39,900
"Спарта" Прага (CZE) 36,550
"Бавария" (GER) 34,535
"Цюрих" (SUI)* 34,240
"Звезда-2005" (RUS) 32,365
"Брешия" (ITA) 27,705
"Верона" (ITA) 25,705
"Славия" Прага (CZE) 25,550

Екінші қоржын:

"Челси" (ENG) 24,830
"Аполлон" (CYP)* 23,940
"Эскильстуна Юнайтед" (SWE) 21,615
"Твенте" (NED)* 21,600
ЛСК (NOR) 21,405
"Санкт-Пельтен" (AUT) 18,065
"БИІК-Қазығұрт" (KAZ)* 17,270
"Манчестер Сити" (ENG) 16,830
"Сараево-2000" (BIH)* 14,630
"Атлетик" (ESP) 13,695
"Медик" (POL)* 13,445
"Штурм" (AUT) 10,065
"Хиберниан" (SCO) 9,900
"Авальдснес" (NOR)* 9,405
"Минск" (BLR) 7,800*
"Брейдаблик" (IRL)* 5,445

* - електік сатыда өз топтарында топ жарған командалар

Ескертулер:

1). 1/16 финалында бір елдің командалары бір-бірімен кездеспейді;

2). Екінші қоржындағы командалар бірінші ойынды өз алаңында, ал қарымта матчты түзде өткізеді;

3). 1/16 финалының ойындары 5/6 және 12/13 қыркүйек күндері өтеді.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика