Вернуться к списку статей

Астана әйелдер футбол командасы құрылады

Футбол
1K
Қазақстан құрамасының қақпашысы Мадина Шойкина
Астана қаласында тұңғыш рет әйелдер футбол командасы құрылмақ. «Астана» атауына ие болатын аталмыш команда биылдан бастап Қазақстан біріншілігіне қатысатын болады.

Елордамызда арнайы мамандандырылған мектептерде қыздар футболы үйірмелері бар болғанымен бұрын-соңды әйелдер кәсіпқой командасы болған емес. Аладопты өмірлік серік еткен астаналық арулар басқа қалаларда доп тебуге мәжбүр болатын. Өз жерінде кәсіпқой клуб болмағандықтан футболшылық карьерасын бастамай жатып аяқтаған қыздар да аз емес. Енді міне, елорданың да өз әйелдер футбол командасы пайда болды.

Бас бапкердің де мәселесі шешіліп қойған секілді. Астана қаласының Дене шынықтыру жәнеспорт басқармасы команданы жаттықтыруға молдовалық маман Виктор Сеникті шақыртыпты. Бұған дейін Молдова әйелдер құрамасын жаттықтырып, үш рет сол елдің кубогын жеңіп алған бапкер енді елорданың командасын баптайтын болады. Кеше «Астана-Арена» стадионында команда екі топқа бөлініп, өзара жолдастық кездесу өткізді.

– Аталмыш маманмен әлі ресми түрде келісімшартқа отырған жоқпыз. Бірақ бұл алдағы күндердің мәселесі. Осы жаттықтырушыға тоқталып отырмыз. Команданың алдына қойылып отырған мақсаттар да асқақ. Қазақстан біріншілігінде сәтті өнер көрсетуін талап етеміз. Әлбетте, команданың негізін астаналық арулар құрайды дегенімізбен, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін легионерлерсіз болмайды. Сондықтан, Ресей, Украина және Қырғызстаннан футболшылар шақырттық. Ал команда «Астана» деп аталады. Өйткені, бұл атау бүгінде тек ел ішінде ғана емес, халықаралық брендке айналды, – деді клуб жетекшісі Әбдіғақар Әбдрахманов.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика