Биыл UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу ойындары 26 маусымда басталатын болыпты. Қазақстан чемпионы 10/11 шілдеден бастап додаға түседі екен. Бірақ биыл «Астанаға» топтық кезеңге дейін жылдағыдай үш емес, төрт електік сатыдан өтуге тура келеді.
Себебі, Чемпиондар лигасының өткізілу тәртібі сәл өзгерді. Жылда «Астана» бұл додаға екінші іріктеу сатысынан қосылатын. Енді алғашқы кезеңінен бастайды. Мысалы, бұған дейін ЧЛ бірінші іріктеу сатысында 10 елдің (Еурокубок рейтингісінде 46-55 орындарға орналасқан мемлекеттердің) чемпиондары додаға түсетін.
Енді бір көңіл аударарлығы және маңыздысы, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне екшеліп шығатын командалар саны біршама азайды. Бұған дейін 10 клуб шығатын (бесеуі – Чемпиондар жолымен, қалған жартысы – Лига өкілдері жолымен). Енді 6 (алты) команда ғана шығады!
Бұл – Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу әлдеқайда қиындай түседі деген сөз. Чемпиондар жолымен шығатындар саны бір команда болса да, азайтылып отыр. Енді төрт клуб қана топтық кезеңге шыға алады. Плей-офф кезеңінде 10 емес, 8 ұжым додаға түседі...
Жалпы, Чемпиондар лигасының биылғы өткізілу тәртібі төмендегідей (Бәрі де түсінікті болу үшін төмендегі кестелерге назар аударыңыз. Екінші кестеде Еурокубок рейтингісі жарияланған /ағылшын тілінде/):