Вернуться к списку статей

Еуропа лигасының жеребесі тартылды

Футбол
1K
Фото uefa.com сайтынан
Бүгін Ньонда UEFA Еуропа лигасының 1/8-финалына шыққан командалар арасында жеребе тартылды.

Бұл жеребе ашық үлгіде өтті. Яғни 16 команда ешқандай да қоржынға бөлінген жоқ. Тек бір ғана шектеу болды. Ол – UEFA Атқару комитетінің шешімімен Украина және Ресей клубтары кездестірмеу. Басқадай шектеу қойылған жоқ. Басқаша айтқанда, бір мемлекеттің клубтары бір-біріне түсіп қалса, өзара кездесер еді. Оған жол берілді.

Бірақ жеребе сәтті шығып, ешбір елдің клубтары бір-бірімен кездепейтін болды. «Астана» клубын 1/16 финалында Еуропа лигасынан тыс қалдырған «Спортингтің» жеребесі жеңіл түсіп, жолы болған секілді. Португалия клубы енді Чехия командасының әуселесін көреді...

Еуропа лигасы. 1/8-финалы  

"Лацио" (ITA) – "Динамо" Киев (UKR)
"Спортинг" (POR) – "Виктория" Пльзень (CZE)
"Милан" (ITA) – "Арсенал" (ENG)
"Олимпик" (FRA) – "Атлетик" (ESP)
"Боруссия" Дортмунд (GER) – "Зальцбург" (AUT)
"РБ Лейпциг" (GER) – "Зенит" (RUS)
ЦСКА (RUS) – "Лион" (FRA)
"Атлетико" (ESP) – "Локомотив" Москва (RUS)

Бірінші ойындар 8 наурыз күні, жоғарыдағы сегіз жұпта бірінші жазылған командалардың алаңында өтеді. Қарымта матчтар 15 наурызға белгіленген. Ал ширек финалдың жеребесі 16 наурызда тартылады.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика