Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы – «Астана» клубының статистикалық көрсеткіштері

Футбол
1K
«Астана» UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалына шықты. Фото: fca.kz
Биыл «Астана» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалына шығып, қазақ футболының тарихына соны жетістік енгізді.

«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңінде «А» тобына түсіп, «үйде және түзде» жүйесімен алты ойын өткізді. Біз бүгін ел чемпионының осы алты ойындағы статистикалық деректерін тізіп шықсақ деп едік.

Ойын саны – 6
Жеңісі – 3
Тең түсті – 1
Жеңілісі – 2
Ұпайы – 10
Соққан голдары – 10
Бір ойында орта есепен – 1,67
Өз қақпасына жіберіп алғаны – 7
Бір ойында орта есеппен – 1,17
«Құрғақ» матчтары – 3
Қақпашысының сейфтері – 24
Қақпаға бағыттаған барлық соққылары – 78
Тура соққылары – 31
Қиыс кеткені – 31
Тойтарылғаны – 16
Бұрыштама соққылары – 26
Доп иелену – 43%
Пастар дәлдігі – 77%
Барлық пастары – 2240
Дәл пастары – 1767
Қарсыласының қақпасына қарай асырған пастары – 142
Қарсыласының қақпасына асырған дәл пастары – 72
Ескерту (сары қағаз) – 14
Алаңнан қуылды (қызыл қағаз) – 0
Ереже бұзған сәттері – 80
Өздеріне қарсы ереже бұзылған сәттер – 52

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика