Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы: «Астана» мұндай топтан шығуы қажет

Футбол
1K
Еуропа лигасы: «Астана» мұндай топтан шығуы қажет
Монакода Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан чемпионы «Астананың» топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды.

Швецияның атақты шабуылшысы Хенрик Ларссонның қатысуымен өткен жеребе тарту рәсімінде «Астана» «А» тобына орналасып, Испанияның «Вильярреал», Израильдің «Маккаби» және Чехияның «Славия» командаларына қарсылас атанды. Байқап отырғандарыңыздай, «Астананың» бұл топтан оза шауып, 1/16-финалға шығатын мүмкіндіктері де бар. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Айта кетейік, әу баста «Астана» үшінші себетке орналасқан болатын. Онда да өзімен «себеттес» командалардың ішінде коэффициенті ең жоғарысы болды.

Ал енді қарсыластарымыз жайлы бірер сөз.

«Вильярреал» былтыр Испания чемпионатында 5-шы орынды иемденген. Бұл командамен «Астана» 2014 жылы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде кездескен. Өз алаңымызда 0:3 есебімен жеңіліп, түзде 0:4 есебімен ұтылғанбыз.

«Маккаби Т-А» былтыр Израиль чемпионатында 2-орынға қол жеткізген. Бұлар да Қазақстанға келген. Бірақ, Астанаға емес, Алматыға. Былтыр Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» жолын кескен осылар. Алматының Орталық стадионында 1:1 есебі тіркеліп, Тель-Авивте 1:2 есебімен ұтылған.

«Славия» – Чехия чемпионатының соңғы чемпионы.

Жалпы, жеребе тарту барысында екі елдің командалары бір топқа түсірмеудің жағдайы қарастырылды. Сондай-ақ, Ресей мен Украина клубтарын да бөлек топтарға жөнелтті. Тағы бір айта кетерлігі, биыл бірінші рет Еуропа лигасының үздік ойыншысы анықталды. Бұл марапат «Манчестер юнайтед» жартылай қорғаушысы Поль Погбаға бұйырғанымен Поль аталмыш шараға қатысқан жоқ.

A тобы: «Вильярреал» (Испания), «Маккаби Т-А» (Израиль), «Астана» (Қазақстан), «Славия» (Чехия);

B тобы: «Динамо К» (Украина), «Янг Бойз» (Швейцария), «Партизан» (Сербия), «Скендербеу» (Албания);

C тобы: «Брага» (Португалия), «Лудогорец» (Болгария), «Хоффенхайм» (Германия), «Истанбул ББ» (Түркия);

D тобы: «Милан» (Италия), «Аустрия» (Аустрия), «Риека» (Хорватия), АЕК Афины (Грекия);

E тобы: «Лион» (Франия), «Эвертон» (Англия), «Аталанта» (Италия), «Аполлон» (Кипр);

F тобы: «Копенгаген» (Дания), «Локомотив» (Ресей), «Шериф» (Молдова), «Злин» (Босния);

G тобы: «Виктория» (Чехия), «Стяуа» (Румыния), «Хапоэль» Беэр-Шева (Израиль), «Лугано» (Швейцария);

H тобы: «Арсенал» (Англия), БАТЭ (Беларусь), «Кёльн» (Германия), «Црвена Звезда» (Сербия);

I тобы: «Зальцбург» (Аустрия), «Марсель» (Франция), «Витория» (Португалия), «Коньяспор» (Түркия);

J тобы: «Атлетик» (Испания), «Герта» (Германия), «Заря» (Украина), «Эстерсунд» (Швеция);

K тобы: «Лацио» (Италия), «Ницца» (Франция), «Зюлте-Варегем» (Бельгия), «Витесс» (Голландия);

L тобы: «Зенит» (Ресей), «Реал Сосьедад» (Испания), «Русенборг» (Норвегия), «Вардар» (Македония)

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика