УЕФА Чемпиондар лигасының екінші електік кезеңі аясындағы «Спартак» (Юрмала) – «Астана» кездесуі ертең, яғни 12 шілде күні біздің уақытпен 22:00-де басталады. Бұл ойынды Қазақстан аумағына «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Әрі Латвиядағы матч тек қазақ тілінде жүргізілетін болыпты.
Осы ретте айта кетейік, «Спартак» (Юрмала) – «Астана» кездесуіне Ирландия төрешілері қазылық етеді. Бас төреші – Нил Дойл. Оған Роберт Кларк және Дермот Брофтон сынды жерлестері көмектесетін болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана» қазір – Юрмалада. Ертеңгі ойынға дайындалып жатыр. Бүгін ашық жаттығу жұмысын өткізеді. Ал қарымта матч бір аптадан кейін, 18 шілде күні елордада өтеді. Басталуы – біздің уақытпен 20:00-де.