Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы – “Қайрат” “Атлантас” клубын күйрете жеңді

Футбол
1K
«Қайрат» (Қазақстан) – «Атлантас» (Литва, Клайпеда) – 6:0. Суретті түсірген: Эдуард Гавриш
Алматының «Қайраты» Еуропа лигасының алғашқы кезеңіндегі бірінші ойынында Литваның «Атлантас» (Клайпеда) клубын күйрете жеңді.

Балтық жағалауынан келген команданың деңгейі әжептәуір төмен екен. Алғашқы кезеңдегі біздің үш клубымыздың қарсыластарының ішіндегі, УЕФА рейтингісінде коэффициенті ең төмен (1,825) команда еді. Іс жүзінде де солай болып шықты.

Мәселен, «Қайрат» бірінші таймда Клайпеда клубының қақпасына бес тура соққы бағыттап, соның төртеуінде теңбіл допты қақпа ішінде тулатты. Рас, «Атлантас» бұл ойынды тәп-тәуір бастады. Тіпті қарсы шабуыл ұйымдастырып, Плотниковтің қақпасын нысанаға да алды. Бірақ олардың шама-шарықтары 20 минутқа ғана жетті.

Бұдан кейін алаң иелері көсіле сілтеп, алты гол соқты. Екінші таймда қонақтардың таблодағы нөльді өзгертетін мүмкіндіктері болды. Бірақ «Атланта» ойыншысының шірене тепкен соққысы қақпа маңдайшасына тиді... Олар басқадай қауіп төндіре алмай, ойсырай ұтылды.

«Қайрат» (Қазақстан) – «Атлантас» (Литва, Клайпеда) – 6:0 (4:0)

Голдар: Гоу, 21. Аршавин, 26-пенальтиден. Иличевич, 30. Аршавин, 42. Гоу, 50-пенальти. Иличевич, 73.

Ескертулер: Иличевич, 81 – Бенета, 67.

«Қайрат»: Плотников, Вороговский, Арзо, Элек, Сүйімбаев, Бакаев, Қуат, Жуков (Иличевич, 30), Аршавин (Тұрысбек, 66), Исаэль, Гоу (Анене, 74).

«Атлантас»: Микеленис, Бенета, Гашпуйтис (Фридрикас, 69), Жарскис, Разюнас, Шимкус, Андроник, Казлаускас (Ракаускас, 88), Чофу (Гядминас, 60), Верещак, Лабукас.

Төрешілер: Омар Пашаев, Мубариз Хашимов, Намик Гусейнов (Әзірбайжан) 
29 маусым. Алматы. «Орталық» стадион.

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 21 – 6
Тура соққы: 9 – 1
Қиыс кеткені: 9 – 3
Тойтарылғаны: 3 – 2
Бұрыштама соққылар: 11 – 3
Офсайдтар: 3 – 0
Ескерту (сары қағаз): 1 – 1
Ереже бұзу: 12 – 13

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика