Еуропа лигасы. Бірінші електік кезең:
«Қайрат» – «Атлантас» (Клайпеда, Литва) – 29.06.17 және 6.07.17
«Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) – «Ордабасы» – 29.06.17 және 6.07.17
«Ертіс» – «Дунав» (Русе, Болгария) – 29.06.17 және 6.07.17
Еуропа лигасы. Екінші електік кезең:
«Қайрат»/«Атлантас» (Клайпеда, Литва) – «Скендербеу» (Албания)/«Сан-Хулиа» (Андорра) – 13.07.17 және 20.07.17
«Абердин» (Шотландия) – «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина)/«Ордабасы» – 13.07.17 және 20.07.17
«Ертіс»/«Дунав» (Русе, Болгария) – «Црвена Звезда» (Сербия)/«Флориана» (Мальта) – 13.07.17 және 20.07.17
Тұздық
Еуропа лигасының алғашқы екі кезеңдегі жеребесін қысқа қайырар болсақ, біздің клубтарымыздың жолдары болған сияқты. Енді тек ойнау керек. Рас, Еуропа лигасында осал қарсылас болмайды. Бәрі де – өз елдерінің бетке ұстар командалары.
Десек те, екінші електік кезеңде біздің командаларымызға УЕФА рейтингісінде коэффициенттері аса жоғары клубтар түскен жоқ. Осы ретте айта кетейік, екінші іріктеу сатысында «Галатасарай» (Түркия, коэф. – 58,840), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль, коэф. – 23,375) және басқа да азулы командалар болған.
Мұны өздеріңіз да бағамдап, салыстыра отыра аласыздар, мәселен, Еуропа лигасындағы біздің клубтарымыздың коэффициенттері бұлардан әлдеқайда төмен болатын: «Қайрат» – 5,550; «Ордабасы» – 4,050 және «Ертіс» – 3,550. Енді осы үшеуінің қарсыластарын пайымдап көрейік:
«Црвена Звезда» (Сербия) – 7,325
«Скендербеу» (Албания) – 6,800
«Абердин» (Шотландия) – 6,785
«Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) – 3,550
«Дунав» (Русе, Болгария) – 3,175
«Атлантас» (Клайпеда, Литва) – 1,825