Вернуться к списку статей

АПОЭЛ кетті-ау алысқа-ай... Ұмтылыңыз қалыспай

Футбол
2K
Бейсенбіден жұмаға ауған түні Еуропа лигасы додасында төртінші турдың ойындары өтті. «Астана» клубы бақ сынайтын “B” тобында АПОЭЛ қара үзіп кетті.

Төртінші турда «Астана» азуы алты қарыс «Олимпиакос» клубын өз алаңында қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Ал “B” тобындағы екінші матчта АПОЭЛ «Янг Бойз» футболшыларын 1:0 есебімен ұтып, есе қайтарған болды (Берндегі матчта Швейцария клубы 3:1 есебімен басым түскен болатын).

Енді АПОЭЛ жеткізбейді... «Олимпиакос» жетсе, жетер-ау. Ал «Астана» енді қуып жете алмайды. Десек те, плей-оффқа немесе 1/16 финалына екінші орынмен шығуға болады. Бірақ үміт сәулесі – тым көмескі...

Ол үшін «Олимпиакос» қалған екі ойында ұтылып, «Астана» соңғы матчтарында жеңіске жетуі керек. Бірақ Грекия чемпионы бесінші турдағы өз алаңында өтетін кездесуде, «Янг Бойз» клубынан “ұтылады” деуге сену қиын...

Әйтсе де, әліптің артын тосайық. «Астанаға» енді қалған ойындарда ұтылмай, қоржынна ұпай сала беруге тырысу қажет. Биыл Еуропа лигасының 1/16 финалына шыға алмаса да, келесі жылы Еурокубок додаларында қоржындарға бөлгенде, пайдасы тиеді.    

Еуропа лигасы. “B” тобы


15 қыркүйек, бейсенбі:

АПОЭЛ – "Астана" – 2:1  
"Янг Бойз" – "Олимпиакос" – 0:1

29 қыркүйек, бейсенбі:

"Астана" – "Янг Бойз" – 0:0
"Олимпиакос" – АПОЭЛ – 0:1

20 қазан, бейсенбі:

"Олимпиакос" – "Астана" – 4:1
"Янг Бойз" – АПОЭЛ – 3:1

3 қараша, бейсенбі:

"Астана" – "Олимпиакос" – 1:1
АПОЭЛ – "Янг Бойз" – 1:0

24 қараша, бейсенбі:

"Астана" – АПОЭЛ
"Олимпиакос" – "Янг Бойз"

8 желтоқсан, бейсенбі:

"Янг Бойз" – "Астана"
АПОЭЛ – "Олимпиакос"


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика