Еуропа лигасының топтық кезеңінде «В» тобына түсіп, Еурокубоктар додасында ел футболының намысын жалғыз өзі қорғап жүрген «Астана» үшінші турда «Олимпиакос» (Грекия) клубымен кездеседі. Бұл ойын Астана уақытымен 20 қазаннан 21-іне ауған түні, сағат 01:05-те басталады.
Өкінішке қарай, Эллада еліне де толық құрамда бара алмады. Жарақатт алып, қатардан шығып қалған футболшылар саны әлі азаймай тұр. Олардың қатарына Азат Нұрғалиев те қосылыпты. Ол «Қайратпен» өткен ойында сол аяғының табан сүйегін зақымдап алыпты. Енді кем дегенде, үш апта емделуі керек екен.
Десек те, Грекияға командамен бірге Неманья Максимович те, Агим Ибраими де, Игорь Шитов та кетті. Олар жарақаттарынан толық айықты ма, алаңға шыға ала ма, оны тек матчқа бір күн қалғанда ғана білетін болармыз. Нұрғалиевтен басқа негізгі құрамдағы ойыншылардың бәрі Афинығы жеткен сияқты. «Астана» клубының баспасөз қызметі басқадай ақпарат таратқан жоқ.