Вернуться к списку статей

“Астананың” УЕФА-да Еуропа лигасы ойындарына тіркелген құрамы

Футбол
2K
«Астана» футбол клубының Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін ойыншыларының тізімі УЕФА сайтында жарияланды.

Өздеріңіз білесіздер, «Астана» биылғы Еурокубоктар маусымын Чемпиондар лигасында бастаған. Бірақ оның топтық кезеңіне шыға алмай қалды. Әйтсе де, Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынау құқығын жеңіп алған болатын.

Жақында «Астана» футбол клубының Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін, УЕФА-да ресми түрде тіркелген футболшыларының тізімі жарияланды. Біз осы тізімді назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз (бірінші жейделеріндегі нөмірлері, содан соң аты-жөндері көрсетілген).

қақпашылар:

1. Ненад Эрич,

35. Александр Мокин,

47. Абылайхан Дүйсен

90. Владислав Саенко*

қорғаушылар:

5. Марин Аничич,

14. Игорь Шитов,

15. Абзал Бейсебеков,

25. Сергей Малый,

27. Юрий Логвиненко,

28. Біржан Күлбеков,

77. Дмитрий Шомко,

33. Әлім Ілиясов*,

48. Александр Берг*;

жартылай қорғаушылар:

6. Неманья Максимович,

7. Серікжан Мұжықов,

8. Асхат Тағыберген,

9. Агим Ибраими,

12. Геворг Наджарян,

13. Азат Нұрғалиев,

71. Мәди Жақыпбаев,

88. Рохер Каньяс,

31. Абай Жүнісов*,

37. Әмір Қалабаев*,

54. Ардак Сәулет*;

шабуылшылар:

10. Джордже Деспотович,

17. Таңат Нөсербаев,

23. Патрик Твумаси

30. Джуниор Кабананга,

45. Виктор Прон*,

80. Владислав Прокопенко*,

95. Аманбол Әлиев*.

Бас бапкер – Станимир Стойлов.

Ескерту: *“B” тізіміндегі ойыншылар.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика