Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы. "Астана" Белоруссияға барады

Футбол
2K
Астана БАТЭ футбол клубымен кездеседі
Жаңа ғана Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсім өтіп, Қазақстан чемпионы «Астананың» қарсыласы анықталды.

Елордалық клубтың алдағы қарсыласы «Генк» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), БАТЭ (Беларусь), «Митьюлланд» (Дания) және «Рапид» (Аустрия) командаларының арасынан анықталды. Жеребе нәтижесінде жерлестеріміздің ақорыстармен кездесетіні белгілі болды. Бірінші матч 18 тамыз күні "Астана-Аренада", жауапты матч тамыздың 25-інде Борисов қаласында өтеді. Егер бұл текетіресте жеңіске жетер болсақ, «Шахтердің» 2013 жылғы жетістігін қайталап, Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаймыз.

Айтпақшы, бұл командамен 2013 жылы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қарағандының "Шахтері" кездескен. Сол текетіресте екі матчта да жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ал «Астананы» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сүріндірген Шотландияның «Селтигі» плей-офф додасында Израильдің Беэр-Шева қаласының «Хапоэлімен» кездесетін болды.  

Қарсылас жайлы бір ақпар

БАТЭ (Борисов, Беларусь)

Құрылған жылы: 1973 ж.

Стадионы: «Борисов-Арена» (13 126 орын)

Бас бапкері: Александр Ермакович

Өткен маусымдағы ел чемпионатындағы орны: 1-орын

Формасы: негізгі – көк, қосалқы – сары.

Жетістіктері: Ел чемпионы (12), Ел кубогының иегері (3), Ел суперкубогының иегері (6).

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика