Вернуться к списку статей

“Астана” – “Селтик” матчы кезінде көлік қозғалысы шектеледі

Футбол
1K
“Астана” – “Селтик” матчы кезінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі
27 шілдеде күнгі «Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясындағы кездесуі кезінде кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайты.

«Сәрсенбі күні, яғни 27 шілдеде сағат 18.00-ден 23.00-ке дейін УЕФА чемпиондар лигасының үшінші електік сатысы аясында «Астана» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасымен кездеседі. Матч кезінде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей – Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін жабылады. Қала тұрғындарына Орынбор арқылы айналып өтуге кеңес береміз» деп, хабарлайды қала сайты.

Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СК, Астаналық цирк, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика