Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы: “Ақтөбе” Венгрия клубымен додаға түседі

Футбол
2K
Бүгін Ньонда 2016/2017 жылдар маусымындағы Еуропа лигасының да бастапқы електік сатыларының жеребесі тартылып, “Ақтөбенің” қарсыласы анықталды.

«Ақтөбе» еуропа лигасының алғашқы сатысында Венгрияның «МТК Будапешт» деген клубымен кездесетін болды.

Бірінші кедесу 30 маусымда Ақтөбеде, ал қарымта матч 7 шілдеде Будапештте өтеді.

«МТК Будапешт» жайлы бір ақпар

«МТК «Будапешт» – 1888 жылы мажарлар елінің астанасында құрылған клуб. Венгрияның 23 дүркін чемпионы. 12 мәрте ел кубогын иеленіп, 3 рет Венгрияның Суперкубогын жеңіп алған. Өз тарихында барлығы 48 ірі кубоктың жеңімпазы болған екен. Өз алаңындағы ойындарын 12 700 көрермен сиярлық «Хедегкути Нандор» стадионында өткізеді. Бас бапкері – жергілікті маман Йозеф Гарами. Негізгі жейдесі ақ, қосалқы жейдесі көк.

Transfermarkt.de сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, команда футболшыларының жалпы құны 5,95 миллион евроны құрайды екен. Салыстырмалы түрде айта кетейік, «ақтөбеліктердің» биылғы жалпы бағасы 5,08 млн. евро.

Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде 96 команда өнер көрсетеді. Екінші іріктеу кезеңіне 48 команда жолдама алып, олардың қатарына тағы 18 клуб қосылады.



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика