Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы: “Ордабасы” Белградқа барады

Футбол
2K
“Ордабасы” 2016/2017 жылдар маусымындағы Еуропа лигасын Белградтан бастайтын болды. Ньонда тартылған алғашқы кезеңдердің жеребесі Шымкент командасы үшін осылай түсті.

Оңтүстікқазақстандықтар Еуропа лигасының алғашқы сатысында Сербияның «Чукарички» клубымен кездесетін болды.

Алғашқы ойын 30 маусымда Белградта, ал қарымта матч 7 шілдеде Шымкентте өтеді.

«Чукарички» жайлы бір ақпар

«Чукарички Станком» – Сербия астанасы Белградтың намысын қорғайтын команда. 1926 жылы құрылған. Өткен маусымда Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен іркілмей өткенімен, екінші іріктеу кезеңінде Әзірбайжанның «Габаласынан» екі матчта да жеңіліп, турнирден шығып қалған. Бас бапкері – 40 жастағы жергілікті маман Милан Лешняк. Негізгі жейдесі ақ, қосалқы формасы – қара.

Сербия чемпионатының қола жүлдегері – 2014/15, 2015/16 ж.

Сербия кубогының иегері – 20014/15 ж.

Transfermarkt.de сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, команда футболшыларының жалпы құны 13,75 миллион евроны құрайды екен. Салыстырмалы түрде айта кетейік, «шымкенттіктердің» биылғы жалпы бағасы 8,6 млн. евро.

Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде 96 команда өнер көрсетеді. Екінші іріктеу кезеңіне 48 команда жолдама алып, олардың қатарына тағы 18 клуб қосылады.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика