Вернуться к списку статей

Боранбаевтың екі ұлы «Челси» академиясында жаттығады

Футбол
1K
Фото: bdcmagazine.com
«Қайрат» клубы Байқаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың екі ұлы «Челси» академиясында жаттығады екен.

Бұл ақпаратты Ресейдегі matchtv.ru басылымы жариялады. Аталмыш басылымның тілшісі Денис Романцев Лондонда балаларды жаттықтырып жүрген Андрей Квашневтен сұхбат алыпты. Кезінде Вильнюсте, Донецкіде, Дрезденде ойнаған футболшының ағылшын жерінде жас жеткіншектерді жаттықытырып жүргеніне 15 жылдан асыпты.

Тілшінің «қандай танымал адамдардың балаларын жаттықтырдыңыз» деген сұрағына жауап бергенде, бірнеше адамды атаған. Бірақ дәл қазіргі уақытта тек «Қайрат» клубы басшысының ұлдарын жаттықтырып жүргендігін бөле-жара атап өткен.

«Қазір менің қарамағымда «Қайраттың» қожайыны Боранбаевтың екі баласы жаттығады», – деп жауап берген Андрей Квашнев.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика