Вернуться к списку статей

Мен қазақ футзалшыларына қайран қалам...

Футбол
2K
Фото әлеуметтік желіден алынды. Авторы – Никита Басов
Құрметті оқырман, дәл бүгінгі таңдағы мақтанышымыз да, ауыз көпіртіп айтар жетістігіміз де футзалдан ұлттық құрамамыздың Еуропа чемпионатында қола жүлде жеңіп алуы болып отыр.

Заман ағымына бұрмалап, бүгінгі тәуліктегі хит дей сіз бе, жоқ әлде ел спорты тарихына қола әріптермен жазылар жыр немесе дастан дейсіз бе? Өз еркіңіз. Ал біздің «Сықақ соққы» футзалшыларымыздың тыңнан түрен салған бұл жетістігін қазақтың мына бір әсерлі әнінің әуеніне салып, «шырқауды» ұсынады:

Мен қазақ футзалшыларына қайран қалам,

Белградта қола алып жайраңдаған.

Футзал өссе – көңіл хошы – деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан Қайрат ағам.

 

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Игиталар аз болды ма атқа қонған.

Футзалда қалған сыр бар өткен күннен,

Құрамада қалған із бар Әміржаннан.

 

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Какау да бұл қазаққа әзер сіңді.

Ерліктің үш қанаты деп білем мен,

Айбынды Димаш, Шыңғыс, Серігімді,

 

Сүймеген сені халық, азамат па?

Лео, Дуглас көңілдерің таза мақта.

Бәрін айт, бірін айт та лайықсың,

Қазақтың ұлы деген ғажап атқа.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика