Жеребе тарту рәсімін «Астана» футбол клубының баспасөз хатшысы Асқар Хамиден мен Астана футбол федерациясының тілшісі Карина Джакеева жүргізді. Алдымен Чемпиондар лигасы ширек финалының жұптары жасалып, содан кейін Еуропа лигасының жеребесін өткізді.
– Менің фаворитім – «Барселона» Меніңше Чемпиондар лигасының финалында каталониялықтарға биыл «Монако» немесе «Бавария» қарсылас болуы мүмкін. Ал «болжамшылардан» финалда Ермұхамед Мәулен мен Асқар Ағатаевты немесе Еркін Шәкірді көргім келеді. Еуропа лигасына келер болсақ, Испанияның «Сельтасы» мен Англияның «Манчестер Юнайтеді» бас жүлдені сарапқа салатын шығар. Ал «Болжам-бәйгеде» Амангелді Сейітхан мен Есей Жеңісұлы ағаларыма жанкүйермін, - деді Асқар Хамиден.
Жеребе тарту рәсімінен соң Асқар Хамиден «Болжам-бәйгенің» Ұйымдастыру комитетіне «Астана» футбол клубының өткен жылы Еуропа лигасында киген жейдесін сыйлады. Енді бұл жейде Чемпиондар лигасы «Болжам-бәйгесінің» жеңімпазына табысталады.
«Болжам-бәйге» жобасы плей-офф кезеңінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.