Барлығы 16 «букмекер» жұп-жұпқа бөлініп, 8 ойынға өз болжамдарын жасаған. Матчтың тура нәтижесін тапқан адам екеу ғана. Спорт комментаторлары Тимур Сүлейменов пен Жандос Айтбай неміс дербиі «Шальке» мен «Боруссия М» арасындағы матчта командалардың бір-бір голдан алмасатындықтарын дәл тапқан. Айтпақшы, Тимур Сулейменов осымен қатарынан үшінші ойында матч нәтижесін дәл тауып отыр.
Сондай-ақ, Есей Жеңісұлы, Уәлихан Қосанбай және Томирис Сүгірбаева доп айырмашылықтарын дәл тауып, еншілеріне екі ұпайдан жазса, Аида Батухан мен Айдар Күмісбеков бір-бір ұпайды қанағат қылды. Ал қалған 9 «букмекеріміз» кешегі ойындарда қателесті.
Кімдердің ширек финалға шығатындықтары жауапты ойындардан кейін белгілі болады.
«Болжам-бәйге» бәсекесінде Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.