Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Ермұхамед Мәулен мен Думан Балықбаев ширек финалда

Футбол
2K
Болжам-бәйге. Ермұхамед Мәулен мен Думан Балықбаев ширек финалда
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасы 1/8-финалының алғашқы екі жауапты кездесуінен кейін ширек финалға жолдама алған екі команда және екі «букмекеріміз» анықталды. «Реал» мен «Баварияға» сенген Ермұхамед Мәулен мен Думан Балықбаев ширек финалда.

НАПОЛИ – РЕАЛ

(Ермұхмед Мәулен – Айжан Құрмашева)

Мадридте өткен бірінші матчтың қорытындысы бойынша Ермұхамед Мәулен гол айырмашылығын дәл тауып, екі ұпаймен алға шыққан. Айжан Құрмашева қоржынға бір балл салған болатын. Ал Неапольде өткен кездесуде «Реал» Құрмашеваны өзіне сенбегені үшін «жазалады». Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметшісі тең ойынды болжаған. Бірақ «Корольдік клуб» тағы да 3:1 есебімен басым түсіп, ширек финалдың жолдамасын жеңіп алды. Ал мадридтіктерге сеніп, солардың жеңісіне бәс тіккен Ермұхамед Мәулен де келесі кезеңге шықты.

АРСЕНАЛ – БАВАРИЯ

(Думан Балықбаев – Әйгерім Сабыралиева)

Мюнхендіктер тағы да өз алаңындағы есепті қайталап, 5:1 есебімен ірі жеңіске қол жеткізді. Матчқа спорт журналисі, статист Думан Балықбаев пен  қазақ футболының нөмірі бірінші аруы Әйгерім Сабыралиева болжам жасаған. Германиядағы матчтан кейін екеуі де бір-бір ұпайдан еншілеп, қосымша көрсеткіштер бойынша Сабыралиева алға шыққан. Әйтсе де, Лондондағы ойын Балықбаев үшін әлдеқайда сәтті болды. Немістердің жеңісіне сенген ол ширек финалға жолдама алды. Ал Сабыралиева тең есепке бәс тігіп, «Болжам-бәйге» бәсекесін аяқтады.


Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика