Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Еуропа лигасында 1/8-финалға жолдама алғандар

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Еуропа лигасының 1/8-финалына шыққандар белгілі болды
Еуропа лигасы «Болжам-бәйге» бәсекесінің 1/16-финалын қорытындылаймыз. Бәйге жолынан шығып қалған алғашқы «букмекерлеріміз» де белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасының «Болжам-бәйгесіне» 32 адам қатысқан болатын. Олардың 12-сі Еуропа лигасының топтық кезеңінен суырылып шыққандар, 16-сы Чемпиондар лигасында 3-ші және 4-ші орынды иеленгендер, ал төртеуі Қазақстан Премьер-лигасы арқылы жолдама алғандар болатын.

Араларында футболшылар, қоғам қайраткерлері мен спорт журналистері, сондай-ақ отандық шоу-бизнестің өкілдері де болды. Олар алдымен әрқайсысы екі қоржынға бөлінген екі топқа жіктеліп, жеребе арқылы Еуропа лигасының 1/16-финалдық ойындарына жұптастырылды.

Ал бүгін «Болжам-бәйгеміздің» 1/8-финалына өткен «букмекерлерді» анықтап отырмыз. Қос матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге мына «болжамшылар» өтті:

Арсен Ғұбашев (журналист),

Тимур Сүлейменов (спорт комментаторы),

Айдар Күмісбеков (футболшы),

Томирис Сүгірбаева (спорт журналисі),

Шалқар Естен (спорт журналисі),

Аршат Ораз (блогер),

Уәлихан Қосанбай (спорт журналисі),

Амангелді Сейітхан (спорт журналисі),

Сәкен Сыбанбай (спорт журналисі),

Жандос Айтбай (спорт журналисі),

Рауан Оқас (спорт журналисі),

Роза Әрен (журналист),

Аида Батухан (спорт журналисі),

Есей Жеңісұлы (спорт журналисі),

Қанат Базылхан (спорт журналисі),

Ақырыс Сейітқазы (журналист).

Айтпақшы, осылардың арасында жеңімпазды анықтау үшін қосымша көрсеткіштерге жүгінткен үш жұп бар. "Атлетик" пен АПОЭЛ матчтарына болжам жасаған Айдын Қожахмет пен Арсен Ғұбашевтің жорамалдары бірдей болды. Дегенмен, бірінші кездесуде Арсен 3:1 есебін көрсетсе, Айдын матчты 4:1 нәтижесімен аяқталады деп топшылаған. Сондықтан, бұл жұпта 1/8-финалға оралдық журналист жолдама алды.

Шалқар Естен мен жетісулық журналист Ришад Тұрғанбаев та бір-бірінің "ауыздарына түкіріп қойғандай" "Рома" – "Вильярреал" кездеулеріне бірдей болжам жасапты. Десек те, Шалқар Естен бірінші ойында Эдин Джеконың гол соғатынын дәл тапқан.

Ал "Лион" – "Аз Алкмаар" матчтарында Аида Батухан бірінші таймдардағы болжамдарының жақынырақ болғандығы арқасында оралдық Түгелбай Бисеннен асып түсті. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика