Еуропа лигасының 1/16-финалының бірінші ойындарынан кейін «Болжам-бәйге» бәсекеміздің де алғашқы нәтижелерін қорытындылаудың уақыты келді.
Барлығы 32 «букмекер» жұп-жұпқа бөлініп, 16 ойынға өз пайымдарын жасаған. Матчтың тура нәтижесін тапқан адам екеу ғана. Спорт комментаторы Тимур Сүлейменов «Легия» мен «Аякс» арасындағы ойында есеп ашылмайды деп болжап, еншісіне үш ұпай жазса, «Манчестер Юнайтедтің» «Сент-Этьен» қақпасына жауапсыз үш гол соғатынын дәл тапқан «Нұр.кз» сайтының редакторы Ақырыс Сейітқазы да 1/8-финалға бір табан жақындады.
Сондай-ақ, журналист-блогер Роза Әрен «Боруссия М» – «Фиорентина» кездесуінің гол айырмашылығын тура тауып, қоржынына екі ұпайды салса, тағы он адам матчтың қорытындысын дәл болжап, бір-бір ұпайдан еншіледі.
Кімнің 1/8-финалға шығатыны жауапты ойындардан кейін белгілі болады.
«Болжам-бәйге» бәсекесінде Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.