Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Ювентус" қорғаушылары Мессиді тұсаулай ала ма?

Футбол
1K
Болжам-бәйге.
Бүгін Чемпиондар лигасының бесінші туры қорытындыланады. Еуропаның сегіз қаласында барша әлемді теледидар алдына телміртетін футбол түні болады. Ал біз жанкүйерлер мен журналистер арасында ұйымдастырылып жатқан бәйгемізді одан әрі жалғастырамыз.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған төрт команданың есімі белгілі. Бүгін тағы бірнешеуі белгілі болып қалады.

Жеребе тарту қорытындысы бойынша,  Чемпиондар лигасының «А» тобындағы екі ойынға павлодарлық айтыскер ақын Оңғар Қабден, «В» тобының қос кездесуіне футбол менеджері Ернар Құсайынов, «С» тобының матчтарына спорт журналисі Мадина Асылбек және «D» тобының бүгінгі ойындарына тараздық журналист Табиғат Абаилдаев өз пайымдарын білдірді.

Сондай-ақ, бізді ертең Еуропа лигасының ойындары да күтіп отыр. «Астана» футбол клубының қатысуымен өтетін «А» тобының матчтарына шоумен, журналист Нұрсұлтан Құрман және жеребе арқылы таңдалған «Н» тобына тарихшы, журналист Алтынбек Қумырзақ болжам жасады.

Кімнің неше ұпай жинайтынын бүгінгі футбол түнінен кейін білетін боламыз.



«Болжам-бәйге» жобамыздың ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика