Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге: Неймар-Кавани-Мбаппе үштігі "Баварияның" мысын баса ала ма?

Футбол
1K
Болжам-бәйге: Неймар-Кавани-Мбаппе үштігі
Бүгін Чемпиондар лигасы екінші турының екінші ойын күні. Жанкүйерлер мен журанлистер арасында ұйымдастырылып жатқан «Болжам-бәйгеміз» келесі букмекерлердің пайымдарын ұсынады.

Бүгін түнде бізді екі орталық ойын күтіп тұр. Парижде ПСЖ мен «Баварияның» айқасын Мадридтегі «Атлетико» мен «Челси» текетіресімен қатар тамашалаймыз. Сондай-ақ, ертең Еуропа лигасының екінші туры. «Астана» өнер көрсететін «А» тобы «Болжам-бәйгемізде» негізгі саналса, жеребе арқылы таңдалған екінші топ – бұл жолы «С» тобы.

Сонымен, жеребе тарту қорытындысы бойынша, «А» тобының ойындарына менеджер, әрі тәуелсіз журналист Баян Қасабулат, «В» тобының матчтарына «Атамекен» порталының тілшісі Фархат Әмренов, «С» тобының кездесулеріне әр болжамын есеппен айтатын бухгалтер Жанар Рақыш және «D» тобына музей қызметкері, әрі журналист Қуаныш Тыныбек өз пайымдарын білдірді.

Бұдан бөлек, Еуропа лигасының «А» тобындағы екінші тур археолог-тарихшы Ернар Естеместовтің еншісінде, ал «С» тобы журналист-менеджер Талғат Қайыргелдиннің құзырында.

Кімнің неше ұпай жинайтынын бүгінгі футбол түнінен кейін білетін боламыз.



«Болжам-бәйге» жобамыздың ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика