Вернуться к списку статей

Көршінің клубы керемет еді, бес рет Қазақстан чемпионы болған – Ардақ Тоғымов

Футбол
1K
Белгілі спорт журналисі және қайраткері – Ардақ Тоғымов
Қазақстан премьер-лигасының ХХХ турының үш ойынына белгілі спорт журналисі және қайраткері Ардақ Тоғымов болжам жасайды.

«Ақжайық» – «Атырау» –2:2

Батыс дербиі тең аяқталады. Екі команда да – турнир кестесінің төмен жағында. Екеуіне де ұпай керек. Сондықтан аянбайды. Көрмендерге қызықты ойын сыйлап, төрт гол соғады деп ойлаймын.

«Қайрат» – «Ордабасы» –  2:1

Алматы клубы биыл өткен жылғыдай емес, «Ордабасыны» оңай шағып жүр. Төл чемпионатымыздың бірінші және екінші айналымында да, ел кубогы додасында да шымкенттіктерді қапы қалдырды. Тізгінін Испания маманы ұстағалы алты рет қатарынан жеңіске жетті. Егер ертең «Ордабасыны» жеңбесе, «Астана» жеткізбейді. Онда чемпионаттың қызығы да кетеді. Сондықтан «Қайрат» қалайда үш ұпай алуға тырысады.

«Ақтөбе» – «Тобыл» – 1:2

«Тобыл» – төртінші орын үшін жанталасып жүрген команда. Қостанайлықтар көрші облыстың бір кездері азуын айға білеген клубын аса қиналмай жеңеді деп ойлаймаймын.


Алмас бес ұпай еншіледі...

Өткен ХХVІІ турдың ойындарына «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері Алмас Манап болжам берген болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.

Алмас Манаптың ХХVІІ турға берген болжамының қорытындысы



Ескерту:

* – Ермек пен Толқын екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойындары бар, әлі. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты; 

** – Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика