Вернуться к списку статей

Мадина Асылбек тағы бір ойынның нәтижесін дәл тауып, жеткізер емес

Футбол
1K
Болжам-бәйге: Еурокубоктар. 3-турдан кейінгі жағдай.
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының екінші кезеңдегі бірінші ойындары тәмамдалып, біздің болжамшыларымыз қоржындарына 1-5 ұпайдан салды.

Бұл турда ең көп ұпай жинаған Ғабит Сапарбеков болды. Ол «Ертіс» және «Црвена Звезда» арасындағы ойынның нәтижесін дәл тапты. «Спартак» пен «Астана» кездесуінде қонақтардың қанша доп айырмасымен жеңіске жететіндігін де шешті.

Бірақ көш басында – әлі Мадина Асылбек. Ол әр турда үш ұпайдан олжалап, жеткізер емес. Бұл жолы «Спартак» – «Астана» кездесуінің нәтижесін дәл тапты. Жігіттеріміздің бәрі бәйгемізге қатысып отырған жалғыз қарындасымызды алға жіберіп, бір-бірімен іркес-тіркес келеді.

Сонымен, Еурокубоктардың екінші кезеңіндегі бірінші ойындардан кейінгі кестеміз төмендегідей (жақшаның ішінде – әр ойыннан еншілеген ұпайлары):



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика