Вернуться к списку статей

“Тобылдың” ішкі жағдайы мәз емес – Қасқырбай Қойшыманов

Футбол
1K
«Қостанай таңы» газетінің тілшісі – Қасқырбай Қойшыманов
Қазақстан премьер-лигасының ХІХ турына «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қасқырбай Қойшыманов болжам жасайды.

6 шілде (бейсенбі)

«Астана» – «Қайсар» – 3:0

Арыны қатты астаналықтардың турнир кестесіндегі жағдайы – жақсы. Биылғы маусымда (қазірге дейін) ең аз доп соққан команда, яғни «Қайсар» көшбасшы қоржынына «қол» сала алмауы тиіс. Өз кезегінде «Астананың» шабуыл шебі бірнеше голға көрімдік сұрайды деп ойлаймын.

8 шілде (сенбі)

«Атырау» – «Тараз» – 1:1

Біріншіден, Атыраудың өзі аттас командасы үйінде ойнайды. «Мұнайшылардың» орталық шебі үйлесімді шабуылдарға дем бере алатынын көрсетіп жүр. Ал, «Тараз» өткен турда «Астанаға» айтарлықтай қарсылық көрсетті. Сол себепті, тараздықтар ұпай еншілеуі мүмкін. Қысқасы, турнир кестесіндегі «көршілестер» тең тарқасса, қанеки!

«Ақтөбе» – «Оқжетпес» – 2:1

«Ақтөбе» құрамы едәуір күшейді. «Тобылда» тіл табысқан Савич – Шимкович жұбына бабы келіскен Зеньковичті қосыңыз. Ойыншылар да, бас бапкер де үш ұпай үшін барын салады. «Ақтөбе» жанкүйерлеріне жеңіс сыйлайды. Әрине, көкшеліктер де оңай шағыла салмас. Олар әсіресе бұрыш добын, жалпы стандартты жақсы орындайды. Бір гол соғар.

9 шілде (жексенбі)

«Ақжайық» – «Қайрат» – 0:2

«Қайраттың» қарқынын басатын «Ақжайық» емес. Бұл түсінікті. Қорғанысы мығым, шабуылы мықты алматылықтар бұл ойында да алаң иелеріне ұпай ұстата қоймас. Олар кемінде екі гол соғады.

«Ордабасы» – «Шахтер» – 2:0

«Шахтер» осы чемпионатта өз қақпасына 30 гол енгізіпті. Жеңілісі де көп. Бұл турда да сол статистика өзгереді деп айта алмаймын. Шымкенттіктер сенімді түрде ұтады.  

10 шілде (дүйсенбі)

«Ертіс» – «Тобыл» – 1:0

 Қонақтардың ішкі жағдайы мәз емес. Жаңа басшы келе салып, құрамды жаңартуға тырысуда. Ал Кереку алаңында әлгі футболшылар бір-бірімен оңай түсінісе ала ма? Қиын сұрақ. Квеквескири мен Вух командаға әлі сіңісіп кеткен жоқ. Жұмасқалиев «Ертістің» осал тұсын табады дейді білетіндер. Дегенмен, менің болжамым – алаң иелері білгенінен жаңылмайды.


Тосын нәтижеге толы тур

Өткен ХVІІІ турдың төрт матчына «Егемен Қазақстан» газеті спорт бөлімінің меңгерушісі Қайрат Әбілдинов болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен төрт ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар. Ал оның осы турдың ерте көктемде өткен екі ойынына берген болжамын мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Қайрат Әбілдиновтің ХVІІІ турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты. 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.

*** – ХV турдың бір ойыны кейінге шегерілген.

**** – VІІІ турдың бір ойыны кейінге шегерілген.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика