Вернуться к списку статей

“Астана” Таразға тезек теру үшін бармайды – Қайрат Әбілдинов

Футбол
2K
«Егемен Қазақстан» газеті спорт бөлімінің меңгерушісі – Қайрат Әбілдинов
Қазақстан премьер-лигасының ХVІІІ турына «Егемен Қазақстан» газеті спорт бөлімінің меңгерушісі Қайрат Әбілдинов болжам жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, ХVІІІ турдың екі ойыны 4 сәуір күні өткен. Кеше ғана Еуропа кубогының биылғы маусымындағы алғашқы ойындарын өткізген үш клубымыз алдағы турдағы ойындарн ерте көктемде өткізген. Қайрат Әбілдиновтің сол ойындарға берген болжамына мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.  

1 шілде (сенбі)

«Оқжетпес» – «Атырау» – 0:2

Чемпионаттың ХVІІ турында «Оқжетпес» «Астанадан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. «Атыраумен» арада болатын ойынның алдындағы жағдайға баға берер болсақ, бұл дегеніңіз – бокс тілімен айтқанда, нокдаун!

Есесіне, «Атырауың» өткен турда «Ақтөбені» 2:0 есебімен ұтып, айдарынан жел есіп тұр. Басқасын айтпағанда, осы жағдайдың өзі-ақ екі команда арасындағы матчтың есебі 2:0 болып «Атыраудың» пайдасына шешіледі деп тұрғандай...

«Тараз» – «Астана» – 0:3

Көшбасшының аты көшбасшы! «Астана» Таразға тезек теру үшін бармайды. «Қайраттың» көкжелкеден пысылдап тұрғанын ескерсек, бұл ойында елордалықтар аянбайын-ақ деп тұр. Ірі есеп тіркеледі... 3:0 деп ойлаймын...

«Қайсар» – «Ақжайық» – 2:1

Үздік алтылықтан қалмау үшін тырмысып келе жатқан «Қайсардың» «Ақжайықпен» ойында жанын салып, ақ тер-көк тер болары анық. «Ақжайықтың» адресіне жылы сөз айтайын десең, оның соңғы турларда ұпай жоғалтудан көз ашпай келеді. Матч 2:1 болып «Қайсардың» жеңісімен аяқталады деген болжамым бар...

2 шілде (жексенбі)

«Шахтер» – «Ақтөбе» – 3:1

«Шахтердің» соңғы кезде ширап келе жатқаны белгілі. «Ақтөбе» болса, меңдуана жеген қойдай бір орнында шыр айналып тұр. Демек, «кеншілер» бұл ойында қай жағынан болсын басым түседі деп ойлаймын. Кездесу 3:1 есебімен аяқталады деген ой бар...

Ришад екі саты жоғары көтерілді

Өткен жолы, VІІІ турдың кейінге шегерілген екі ойынының біріне Талдықорғандағы «Жетісу» газетінің спорт шолушысы Ришад Тұрғанбай болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен сол ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар. Ал оның VІІІ турдың қалған ойындарына берген болжамын мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Ришад Тұрғанбайдың VІІІ турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты. 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.

*** – ХV турдың бір ойыны кейінге шегерілген.

**** – VІІІ турдың бір ойыны кейінге шегерілген.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика