– Алдағы турда фавориттер бір-бірімен кездеспейді. Бірақ осы турдың ойындарының нәтижелері сол көшбасшылардың турнир кестесіндегі жағдайына өзгеріс енгізуі мүмкін. Доп додасы кестесіндегі жағдай былай тұрсын, психологиялық тұрғыда сол «Астана» мен «Қайратқа» өте маңызды ойындар болады – астаналықтарға ұпай жоғалтпау керек, ал алматылықтар былтырғы қателерін қайталамуға тырысады деп ойлаймын. Бірақ доп домалақ демекші..., – деп бастапты болжамын Серік әріптесіміз.
17 маусым (сенбі)
«Шахтер» – «Атырау» – 1:1
Атыраулықтар алдарына қойған мақсаты, ол – сөзсіз, Қарағандыдан үш ұпай алып кетіп, қызылордалықтарға жақындау. Сондықтан олар барлық күшін-жігерлерін салады. Ал «кеншілер» болса, өткен турда ойсырай ұтылған, енді өз жанкүйерлерін тағы да жасытпауға тырысады. Есеп – 1:1 немесе 0:0.
«Қайсар» – «Ордабасы» – 0:0
Бұл ойында – әрине, шымкенттіктер фаворит. «Қайсар» соңғы үш ойында төрт ұпай олжалады. Соның ішінде, «Шахтерді» жеңіп, «Тобылмен» ұпай бөлісіп қайтқан. Сол қарқынын жоғалтпаса, Сырдың сыралғы жігіттері есе жібере қоймас – 0:0 немесе 1:1.
«Қайрат» – «Тобыл» – 2:0
«Тобылдың» ойыны ала-құла болып бара жатқан секілді. Ал енді «Қайрат» үшін, қай ойын болмасын, бәрі де – маңызды. Бұл ойын соншалықты шиеленісті өтеді деп ойламаймын. «Қайрат» 2:0 не болмаса 3:1 есебімен ұтады, деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді деген үміттеміз.
18 маусым (жексенбі)
«Ақтөбе» – «Астана» – 0:3
Васильевтен қалған «мұра» ақтөбеліктерге қиын болды. Ал бас командамыз өзіне өте қажет үш ұпайын өңгеріп қайтады-ау. Қонақтар жеңіске жетеді – 0:3.
«Оқжетпес» – «Ақжайық» – 1:0
Алыстан (батыстан) келген қонағына “қой сойып”, күтіп отырған «Оқжетпес» жоқ. Көкшетаулықтар – «қауіпті аймақтан» бір аттам жерде ғана. Сондықтан алаң иелері 90 минут жанталасып, бір гол соғып, үш ұпайға қол жеткізеді деген ойдамын. Яғни – 1:0
«Тараз» – Ертіс» – 1:1
Бұл матч сәуірдегі осы екі команданың арасындағы ойындай (2:5) болмаса керек... Яғни тағы да қақпаға доп жаудыртудың қисыны келе қоймас. Әрине, «Ордабасының» бәсекелесі ұтуға тырысады. Бірақ «Тараз» «Атлетиконың» стилінде ойнаса, кім біледі қалай боларын...
Көшбасшылар өзгерген жоқ
Өткен, ХV турға Т.Жанұзақов, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, Астанадағы Еуразиялық ұлттық университеттің оқытушысы Дүрәлі Дүйсебай ағамыз болжам жасаған. Төмендегі кестеден кәнігі спорт шолушысының болжамы мен бес матчтың нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.
Дүрәлі Дүйсебайдың ХV турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту:
* – Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тапты, ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты.
** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.
*** – ХV турдың бір ойыны кейінге шегерілген.
**** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.