Вернуться к списку статей

Шымкент футболшылары ежелгі қарсыласын қалайда ұтуға тырысады – Дүрәлі Дүйсебай

Футбол
1K
Т.Жанұзақов, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері Дүрәлі Дүйсебай
Қазақстан премьер-лигасының ХV турына елімізге танымал кәнігі спорт шолушысы Дүрәлі Дүйсебай ағамыз болжам жасайды.

Сонымен, Қазақстан Журналистер Одағы үздік спорт журналисіне берілетін Т.Жанұзақов, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, Астанадағы Еуразиялық ұлттық университеттің оқытушысы Дүрәлі Дүйсебай ағамыздың болжамдарына назар аударыңыздар:

«Қайрат» – «Шахтер» – 3:1

Ел чемпионын ірі есеппен тізе бүктірген «Қайрат» бұл жеңіспен тоқтамайды, «Шахтерді» жеңеді деп ойлаймын.

«Тобыл» – «Қайсар» – 2:0

Қостанай футболшылары қазір ел біріншілігінде тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр. «Қайсар» «алқынып» қалған секілді. Сырт алаңда тең ойнаған «Тобыл» өз алаңында ұтуға тиіс.

«Ордабасы» – «Тараз» – 3:1

Сырт алаңда «Оқжетпесті» ұтқан Шымкент футболшылары ежелгі қарсыласы «Тараздан» қалайда басым түсуге тырысады. Матч, әдеттегідей, тартысты өтуі керек.

«Ертіс» – «Оқжетпес» – 2:0

Ақтөбедегі жеңістен кейін қанаттанған Павлодар командасы көкшетаулықтарды еркін жеңуі тиіс.

«Астана» – «Атырау» – 3:0

Алматыда «Қайраттан» оңбай ұтылған «Астана» мұндай ірі есептің кездейсоқ «тіркелгенін» дәлелдеуі керек.

«Ақжайық» – «Ақтөбе» – кейінге шегерілді.


Көш басында – Әнуар Әбдірахманов

Өткен, ХХ турдың екі ойынына "KazFootball.kz" республикалық ақпараттық футбол порталының директоры Нағи Бақытбеков болжам жасаған. Оның болжамдарының қорытындысын ХХ турдың ойындары толық аяқталған соң түйіндеп шығарамыз.


Ескерту:

* – Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тапты, ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты. 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.

*** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика