Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасының финалына шыққан болжамшылар анықталды

Футбол
1K
Чемпиондар лигасының финалына шыққан болжамшылар анықталды
Чемпиондар лигасының ақтық «шайқасына» шыққан екі команда да, «Болжам-бәйгеcінің» финалына жолдама алған екі «букмекер» де анықталды.

«Ювентустың» финалдағы қарсыласы – «Реал». Өз алаңында «Атлетиконы» 3:0 есебімен ойсырата жеңген корольдік клуб «Висенте Кальдеронда» қақпасына екі доп жібергенше есінеп жүрді де, содан кейін ғана естерін жиып, Иско соққан голдың арқасында ойынның ғана емес, текетірестің де тағдырын шешті.

Бұл жұпқа болжам жасау мәртебесі комментатор Ермұхамед Мәулен мен журналист Еркін Шәкірұлына бұйырған. Бірінші матчта бір-бір ұпайдан еншілеп, екінші ойында ұпайсыз қалған олардың арасындағы текетіресте қосымша көрсеткіштер бойынша финалдың жолдамасы Ермұхамед Мәуленге бұйырды.

 

Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика