Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Атлетико" "Реалдан" үш гол айырмашылығын қайтара ала ма?

Футбол
2K
Болжам-бәйге.
Бүгін Чемпиондар лигасында финалға жолдама алатын екінші команда да анықталады. «Реалға» бәс тігесіз бе, әлде «Атлетикоға» сенесіз бе?

Ювентус» – «Монако» жұбының қорытындысы бойынша финалға Думан Балықбаев жолдама алған. Ал «Атлетико» мен «Реал» арасындағы текетіреске комментатор Ермұхамед Мәулен мен «Атамекен» бизнес телеарнасының тілшісі Еркін Шәкір жауапты. Бірінші кездесуден кейін екеуінің де еншісінде бір-бір ұпайдан. Қосымша көрсеткіштер бойынша Ермұхамед алда. «Висенте Кальдерондағы» кездесуде екеуі корольдік клубтың жеңісіне бәс тігіп отыр. Ендеше қайсысының финалда Балықбаевқа қарсылас атанатыны түн ауа белгілі болады.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика