Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Реал" мен "Атлетико" болжамшыларымызға бір ұпайдан сыйлады

Футбол
1K
Болжам-бәйге.
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен «Реал» мен «Атлетико» кездесуінен кейін «Болжам-бәйгеміздің» алғашқы жұбында да басымдыққа ие болған «букмекер» анықталды.

Мадридтік дербиде корольдік клуб 3:0 есебімен жеңіске жетіп, 2:0 және 3:1 есептеріне бәс тіккен Ермұхамед Мәулен мен Еркін Шәкірұлы да еншілеріне бір-бір ұпайдан жазған. Дегенмен, бірінші таймның нәтижесін дәл тауып, пенальти мен қызыл қағаздың болмайтынын тура анықтаған Ермұхамед Мәулен қосымша көрсеткіштер бойынша алға шықты.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика