Вернуться к списку статей

"Манчестер Юнайтедтің" сүреңсіз ойыны мен Жандос Айтбайдың көрегендігі

Футбол
1K
Болжам-бәйге.
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасы ширек финалының ізін ала Еуропа лигасындағы сегіз команда да ширек финалдың алғашқы ойындарын өткізді. «Болжам-бәйге» бәсекесінде осы төрт матчқа өз пайымдарын жасағандардың ішінде Жандос Айтбайдың көрегендігі таңғалдырды. 

«Андерлехт» – «Манчестер Юнайтед» кездесуінің тур нәтижесін тауып қана қоймай, бірінші таймда ағылшындардың алға шығып, голды Генрих Мхитарянның соғатынын да дәл тапты. Сөйтіп, еншісіне үш ұпай салған Жандос Айтбай жартылай финалға нық қадам жасады.

Ал өзге «букмекерлерден» Есей Жеңісұлы мен Уәлихан Қосанбай екі баллдан еншілесе, Амангелді Сейітхан, Роза Әрен және Айдар Күмісбековтердің қоржындарында – бір ұпайдан. Ақырыс Сейітқазы мен Қанат Базылханда әзірге ұпай жоқ.


 Еурокубок «болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика