Еуропа лигасында топтық кезеңнің ойындары аяқталып, 1/16-финалға жолдама алған «болжамшылар» толық анықталды. Бірден айта кетейік, «Болжам-бәйге» ережесі бойынша әр топтан үш ойыншы Еуропа лигасының көктемгі кезеңіне жолдама алды.
«А» тобы. «Айқын» газетінің спорт редакторы Ғалым Сүлеймен «Болжам-бәйгені» тым сәтсіз бастады. Бірде-бір ойынның тура нәтижесін таппаған жалғыз ойыншы – осы. Соңғы турда екі кездесудің де қорытындысын дұрыс болжағанымен бәрі кеш еді. Арай Ізбай, Арсен Ғұбашев және Бек Төлеу көктемгі кезеңде бақ сынайтын болады.
«В» тобы. Қазақстанның «Астанасы» қатысқан ойындарды болжаған қызық. Сонымен қатар, қиын. Жалпы, соңғы турда төрт «букмекердің» екеуі ғана бір-бір ұпайдан еншілей алса, қалған екеуі жалқы ұпайға зар болды. Ал Дастан Кенжалин еурокубокпен қоштасса, Сәкен Сыбанбай көш бастап, Уәлихан Қосанбай мен Тимур Сулейменов көктемгі кезеңге жолдама алды.
«К» тобы. Соңғы турдың қарсаңында екінші орында тұрған Ермек Төрениязов екі матчтан да қателесіп, соңғы орыннан бір-ақ шықты. Есей Жеңісұлы бірінші орынды сақтап қалғанымен «Интер» – «Спарта» кездесуінің нәтижесін дәл тапқан шымкенттік Толқын Бакирхужаев та топ басына орналасты. Сондай-ақ, Шалқар Естен де Еуропа лигасының көктемгі кезеңінде.
«L» тобы. Чемпиондар лигасында Максим Рожин мен Думан Балықбаев алты ұпай ала алса, Еуропа лигасының «Болжам-бәйгесінде» Амангелді Сейітхан алты ұпай алған алғашқы «букмекер» атана алды. Екі матчтың да нәтижесін дәл тапқан «Хабар» арнасының спорт редакторы бірден бірінші орынға көтерілді. Қызылордалық Әділбек Жақанов екінші орынды қанағат қылса, соңғы турда төрт ұпай алған Төлеубек Қадырмолла үшінші орынмен Еуропа лигасының көктемгі кезеңіне өте алды. Ал «қолын мезгілінен кеш сермеген» Жандос Айтбай соңғы турда 5 ұпай ала алғанымен соңғы орынды тастап кете алмады.
Ойындар нәтижелері мен спорт журналистерінің болжамы
Турнир кестесі