Вернуться к списку статей

BAQ league – Журналистер біріншілігінің жеребе тарту рәсімі өтті

Футбол
2K
BAQ league - Журналистер біріншілігі
Осы жексенбіде журналистердің көптен күткен біріншілігі BAQ league бәсекесі басталады. Бүгін осыған байланысты Астана футбол федерациясының кеңсесінде команда өкілдерінің қатысуымен алқақотан жиналыс өтіп, біріншіліктің ойындар кестесі бекітілді.

Журналистер лигасының қысқы біріншілігі, һәм бірінші маусымы биыл елордамыздың ең үздік спорт кешендерінің бірі «Астанада» өтетін болды. Лигаға барлығы 11 команда қатысады.

Ғалымжан Кенжалинов, BAQ league бас төрешісі:

– Астана футбол федерациясының басты мақсаттарының бірі – бұқаралық футболды дамыту. Сондықтан, бір-екі күндік турнирлерден гөрі маусымдық біріншіліктерге басымдық береміз. Журналистер лигасын да осы мақсатта қолға алып отырмыз. Биыл 11 команда жиналды. Бастамасы үшін жамас емес. Дегенмен, болашақта командалар саны бұдан да көп болады деген үміттеміз. Өз кезегінде Астана футбол федерациясы біріншіліктің өте жоғары деңгейде өтуі үшін барлық жағдайды жасайтын болады. 


11.12.2016 (жексенбі)

СК «Астана»

10:00. Хабар – Каз Медиа

11:00. 24.kz – Dixinews.kz

12:00. Sport 59 – РТРК Казахстан

13:00. Sportsffa.kz – Казах ТВ

14:00. Қазақ радиосы – Женис

Егемен Қазақстан –

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика