Вернуться к списку статей

Думан Балықбаев Максим Рожиннің рекордын қайталады

Футбол
2K
Чемпиондар лигасының
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші

Максим Рожиннің рекорды қайталанды. Чемпиондар лигасының 5-ші турында екі кездесудің де нәтижесін дәл тапқан спорт журналисі Думан Балықбаев 6 ұпай жинады.

«А» тобы. Әлбетте, бір-бірімен деңгейлес командалар кездесті. Сондықтан, тең есептердің тіркелетінін де сезген едік. Бірақ ойындардың нақты қандай нәтижелермен аяқталатынын біз қайдан білейік? Еркін Шәкір соның біреуін дәл тапты. «Арсенал» мен ПСЖ арасындағы кездесудің 2:2 есебімен аяқталатынын дәл болжап, еншісіне үш ұпай салды. Өзгелерінің жолдары болмады. Аршат Ораз бір баллды қанағат қылса, Ая Өміртай мен Максим Жалмағамбетов бұл жолы дымсыз қалды.

«В» тобы. Тең ойындардың тура нәтижелерін дәл табу қиын. Сондықтан, бұл жерде әр ұпайдың өзі маңызды. Мұрат Тілешев, Мадина Асылбек және Асқар Ағатаев бір баллдың өзіне қуанып жүр. Ал Құралбек Ордабаев тағы да екі ойыннан да қателесті. Осылайша бұл турда турнир кестесінде өзгеріс жоқ.

«С» тобы. Есесіне «С» тобында турнир кестесі төбесінен бір-ақ төңкерілді. Көш соңында келе жатқан Думан Балықбаев «Боруссия М» – «Манчестер Сити» және «Селтик» – «Барселона» кездесулерінің нәтижелерін дәл тауып, бірінші орынға бір-ақ шықты.

«D» тобы. Бұл топта да мамыражай. Тек алматылық спорт журналисі Рауан Оқас қана соңғы орыннан көтеріле алмай келеді демесеңіз, бәрі де өз орнында. Томирис Сүгірбаева үш ұпай еншілеп, фавориттерге бір табан жақындады.

Ойындар нәтижелері мен мамандар болжамы


Турнир кестесі




Болжам-бәйге бәсекесінің ережесі

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика