Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасының "Болжам-бәйгесі". 1/8-финалға жолдама алған алғашқы "букмекер" белгілі болды

Футбол
1K
Чемпиондар лигасының
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасының кешегі сегіз кездесуінен кейін топтан шығып, 1/8-финалға жолдама алған алғашқы «букмекер» белгілі болды. Ол – футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен. Дегенмен, ешкімнің әлі үміттері сөнген жоқ. Қалғандарының топтағы тағдыры соңғы турда шешіледі. Ал Чемпиондар лигасында «Байер», «Монако», «Боруссия Д», «Реал», «Лестер», «Ювентус» және «Севилья» командаларында көктемгі кезеңнің жолдамасы қоржындарында.

«Е» тобы. «Монако» – «Тоттенхэм» командаларының арасындағы есепті дәл тапқан Максим Рожин 12 ұпаймен көш бастады. Дегенмен, бұл топта жағдай шиеленісіп тұр. Сәкен Дөнесов пен Айдын Қожахметтің еншісінде 11 ұпайдан. Ал Роза Әрен турнир кестесін түйіндеп тұрса да 9 ұпаймен келесі кезеңге шығудан үмітті.

«F» тобы. 1/8-финалдың жолдамасына қол жеткізу үшін Қырғызстан футзалына жауап беретін отандасымыз Әміржан Мұқановқа соңғы турда екі ұпай жинаса жеткілікті. Қазір ол 13 ұпаймен топ бастап тұр. Екі кездесуден үш ұпай алған ол басты бәсекелесі Руслан Меделбектен үш баллға алда.

«G» тобы. Турнир кестесінде бір-бірімен іркес-тіркес орналасқан төрт «букмекердің» тағдыры соңғы турда шешіледі. Кешегі ойындар олар үшін аса сәтті бола қойған жоқ. Тек қызылордалық ару Аида Батухан ғана екі ұпай еншілей алды. Ал қалғандарында небәрі бір ғана ұпайдан қоржындарына салды.

«Н» тобы. Чемпиондар лигасының 1/8-финалына жолдама алған алғашқы «букмекер» осы топта. Бұрынғы 11 баллына кеше тағы төрт ұпай жазған ол бәсекелестерінен қара үзіп кетті. Енді соңғы турда оны ешкім де қуып жете алмайды. Егер 94-ші минутта Марио Манджукич гол соғып кетпегенде, Ермұхамед екі ойыннан алты балл жинап, Максим Рожиннің рекордын қайталайтын еді.

Чемпиондар лигасының ойындар нәтижесі және мамандар болжамы


Турнир кестесі



«Болжам-бәйге» бәсекесінің ережесі

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика