Вернуться к списку статей

Қазақ комментаторларының Еуропа лигасынан көңілі қалды

Футбол
2K
Еуропа лигасының болжам-бәйгесі
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмаскөмекші.

Бейсенбіден жұмаға ауған түні еуропа лигасының 32 командасы топтық кезеңіндегі үшінші ойындарын өткізді. Олардың арасында «Болжам-бәйгеге» таңдалып алынған төрт топтың командалары да бар. Спорт журналистері арасында өтіп жатқан бұл бәсекенің 3-туры комментаторлар Ғалым Сүлеймен, Ермек Төрениязов және Әділбек Жақанов үшін тым сәтсіз болды.

«А» тобы. Комментатор, әрі «Айқын» газетінің журналисі Ғалым Сүлеймен екі ойынды да тең аяқталады деп болжап, ұпайсыз қалды. Бұл топта бірінші орынға «National Geographic» журналының тілшісі Арай Ізбай шықты.

«В» тобы. «Астананың» арқасында төрт «букмекер» де еншілеріне бір-бір ұпайдан жазды. Дегенмен, «Апоэл» үміттерін ақтамады. Сәйкесінше, турнир кестесінде де өзгеріс жоқ. Топты Уәлихан Қосанбай бастап келеді.

«К» тобы. Бірінші орында келе жатқан комментатор Ермек Төрениязов екі кездесуде де қате болжам айтып, бірден соңғы орынға түсіп қалды. Көш басында шымкенттік Толқын Бакирхужаев. Дегенмен, бұл топта бәрі де бір-біріне іркес-тіркес орналасқан.

«L» тобы. Әділбек Жақановтың еншісінде 10 ұпай. Осы турда екі ойында да қате пікір айтқанына қарамастан Жақанов басты бәсекелесінен екі ұпайға алда тұр. Қалған үш "букмекер" осы екі ойыннан еншілеріне бір-бір ұпайдан жазды.

Еуропа лигасының ойындары және мамандар болжамы

 Турнир кестесі


 

Еуропа лигасы «Болжам-бәйгесінің» толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика