Кеше Чемпиондар лигасында «А», «В», «С» және «D» топтарының ойындары өтті.
«А» тобы. Төрт қатысушы да өз топтарындағы екі матчтың қорытындысын дәл тауып, еншілеріне екі ұпайдан жазды. Осылайша турнир кестесінде де өзгеріс болған жоқ.
«В» тобы. «Наполи» «букмекерлеріміздің» көңілін қалдырды. Бәрі де италиялықтардың жеңісіне бәс тіккен. Бірақ, өз алаңында неаполитандықтар түріктің «Бешикташынан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ, Киевтің «Динамосы» өз жерінде Португалияның «Бенфикасымен» тең түседі деп пайымдаған Құралбек Ордабаев пен журналист Мадина Асылбек бұл турда мүлдем ұпайсыз қалды. Алайда, бұл турнир кестесіне еш әсер еткен жоқ. Мадина осы топта әлі де көш бастап тұр.
«С» тобы. Бұл топта екі матчтан екі ұпай жинаған Айжан Құрмашева суырылып алға шықты. Дегенмен, бәсекелестері де небәрі бір ұпай артта келеді.
«D» тобы. Кешегі ойындардан ең көп ұпай жинаған Серік Досманбетов болды. «Қайсар» футбол клубының әкімшісі екі матчтың да доп айырмашылығын дәл тауып, еншісіне төрт ұпай жазды. Осылайша 9 ұпаймен Досманбетов «D» тобында көш бастап тұр. Екінші орын заманауи жырау Жан Ахмадиевтің еншісінде.
Мамандар болжамы
Турнир кестесі.
Чемпиондар лигасы «Болжам-бәйгесінің» ережесі.