Вернуться к списку статей

Қыздар футболды түсінбейді деп кім айтты?..

Футбол
2K
Чемпиондар лигасының
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасының 2-тур ойындары аяқталып, «Болжам-бәйге» бәсекесінің 4 матчының қорытындысы жасалды.

Сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні Чемпиондар лигасының 16 командасы «Қалқанқұлақ кубогы» жолындағы жорықтың топтық кезеңіндегі екінші ойындарын өткізген болатын.

Әу баста Ая Өміртайды аутсайдер дегендер қатты қателесті. Қазір ол Максим Жалмағамбетов, Аршат Ораз, Еркін Шәкір сынды футбол астарының өздерін артта қалдырып, «А» тобында көш бастап тұр.

«В» тобында да көш басына аруымыз орналасқан. Мадина Асылбектің еншісінде екі турдан кейін жеті ұпай. Дегенмен, Мұрат Тілешев те осы турды сәтті өткізіп, екі ойыннан бес ұпай жинады.

«С» тобына кілең перфекционистер жиналған секілді. Төрт «букмекер» де келісіп алғандай екі матчтан тек бір ұпайдан ғана жинады. Бұл үшін олар «Барселона» мен «Манчестер Ситиге» «алғыс» айтулары қажет.

Ал «D» тобының көшбасшылары – заманауи жырау Жан Ахмадиев пен «Қайсар» футбол клубының әкімшісі Серік Досманбетов. Алайда, Рауан Оқас пен Томирис Сүгірбаева да кез келген сәтте оларды қуып жетулері әбден мүмкін.

Чемпиондар лигасының ойындары және мамандар болжамы


Чемпиондар лигасы "Болжам-бәйгесінің" турнир кестесі


 

Чемпиондар лигасы «Болжам-бәйгесінің» толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика