Астана футбол федерациясының кеңсесінде спорт журналистері арасындағы «Болжам-бәйге» бәсекесенің Еуропа лигасына арналған жеребе тарту рәсімі өтіп, қатысушылар өз топтарын анықтады.
Еуропа лигасында барлығы 48 команда, яғни 12 топ. Дегенмен, «Болжам-бәйге» ұйымдастырушылары барлық топты қамтуды жөн көрген жоқ. Тек мықты командалар орналасқан үш топты таңдап алды, ал төртінші топты жеребе арқылы анықтады.
Сондай-ақ, 16 спорт журналистері іріктелді. Бұлар жазда Еуропа чемпионаты кезінде ұйымдастырылған «Болжам-бәйге» бәсекесінде белсенділігімен көзге түскен қаламгерлер. Осылайша жеребе қорытындысы бойынша 16 қатысушы төрт топқа бөлінді. Қазақстан чемпионы «Астана» орналасқан «В» тобына болжам жасау мәртебесі Сәкен Сыбанбай, Уәлихан Қосанбай, Тимур Сүлейменов және Дастан Кенжалинге бұйырды.
Енді алғашқы тур Еуропа лигасының алғашқы турының қарсаңында 14 қыркүйекке жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ереже бойынша әр қатысушы Еуропа лигасының турлары қарсаңында өз тобындағы ойындарға болжам жасап, матчтардың есептерін дәл көрсетулері тиіс. Ойын есебін дәл тапқан болжамшы үш ұпайды еншілесе, доп айырмашылығын тапқанға екі ұпай беріліп, матч қорытындысын тура болжағанға бір ұпай тиеді.
Еуропа лигасы | |||
А тобы | В тобы | ||
Ғалым Сүлеймен Арсен Ғұбашев Бек Төлеуов Арай Ізбай | Манчестер Юнайтед Фенербахче Фейеноорд Заря | Сәкен Сыбанбай Уәлихан Қосанбай Тимур Сүлейменов Дастан Кенжалин | Олимпиакос Апоэл Янг Бойз Астана |
К тобы | L тобы | ||
Шалқар Естен Толқын Бахирхужаев Есей Жеңісұлы Ермек Төрениязов | Интер Спарта Саутгемптон Хапоэль Б-Ш | Жандос Айтбай Амангелді Сейітхан Әділбек Жақанов Төлеубек Қадырмолла | Вильярреал Стяуа Цюрих Османлыспор |
«Болжам-бәйге» бәсекесінің толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.