Вернуться к списку статей

Болжамшылар бәйгесінде Думан Балықбаев топ жарды

Футбол
1K
Қазақстан клубтарының Еурокубоктар додасындағы ойындарына болжам жасаған мамандар арасындағы бәйгемізде спорт журналистері үздік шықты.

Өздеріңіз білесіздер, түнде Беларусь жерінде өткен матчта «Астана» Борисовтің БАТЭ-сімен тең түсті. Есеп – 2:2. Біздің болжамшыларымыздың жетеуі ойын тең аяқталады деген. Бірақ 0:0 немесе 1:1 деген болатын.

Сөйтіп, сегіз турға созылған бәйгеміз аяқталды. Бірінші орынды әріптесіміз Думан Балықбаев жеңіп алды. Ол бірінші турда-ақ суырылып алға шыққан болатын.

Көшбасшыны қуып жетіп, тіпті басып та озып, бәсеке көрігін едәуір қыздырған Айдын Қожахмет екінші орынға ие болды. Ол тек соңғы екі турда ғана жаза басты.

Үшінші орынды көпшілікке танымал, білікті үш маманымыз өзара бөлісті. Олар – даңқты қақпашымыз Құралбек Ордабаев, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Әміржан Мұқанов және футболдан ұлттық құрамамыздың бұрынғы ойыншысы Максим Жалмағамбетов.

ҚР футболшылар кәсіподағының мүшесі Әйгерім Сабралиева көбінесе үздік үштікте жүргенімен соңғы турда ұпай еншілей алмай, төртінші орынды қанағат тұтты. Ербол Каиров көбінесе бел ортада жүріп, бесінші орынды иеленді.

Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен футболды білікті мамандардан кем білмейтіндігін паш ете білді. Басында көш басшылар қатарында болған. Артынан бәйгеде топ жарудан гөрі өз командаларымызды қолдауды ойлап, сәл төмен ығысты.

Қазақстан ұлтық құрамасының бұрынғы ойыншысы Мұрат Сүймағамбетов және Ілияс Омаров, Әнуар Әбдірахманов сынды әріптестеріміздің де патриоттық сезімдері басым болып, өз командаларымызға тілеулес болумен көзге түсті.

Сонымен, “Еурокубоктар” айдарымен өткен болжам-бәйгеміз аяқталы. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге аздаған сыйлықтарымыз да бар. Оларды сәл кейінірек Еуропа чемпионаты кезіндегі бәйгемізде топ жарған журналистермен бірге марапаттаймыз. Ал алда – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңі!  

Енді VІІ турда кімнің қанша ұпай еншілегеніне назар аударайық:



Сегіз турдан кейінгі қорытынды есеп төмендегідей:


 
Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика