Вернуться к списку статей

Мамандар арасындағы болжамшылар бәйгесінде журналистер алға шықты

Футбол
1K
“Еурокубоктар” айдарымен өткізіп жатқан бәйгемізде төрт болжамшымыз кешегі ойын нәтижесін дәл тапты. «Астана» – БАТЭ – 2:0

Төрт болжамшымыз «Астана» клубының 2:0 есебімен жеңіске жететіндігін дәл тауып, қоржындарына үш ұпайдан салды. Олардың екеуі – барлық турларда тек Қазақстан клубтары “жеңіске жетеді” деп жүрген патриоттарымыз.  

Тағы да төрт болжамшымыз «Астананың» жеңіске жететіндігіне күмән келтірмеген болатын. Алайда олар ойын нәтижесі мен доп айырмасын тура шеше алмады. Оларға бұйырғаны – бір ұпай.

Осы турға дейін көш басында тұрған үш болжамшымыз «Астана» мен БАТЭ “тең түседі” деп, жаза басты. Әрі үшеуі де бір сатыдан төмен ығысты. Осылай соңғы тур алдында көшбасшылар арасындағы бәсекелестік шектен тыс қыза түсті.

Енді VІІ турда кімнің қанша ұпай еншілегеніне көз жүгіртіңіздер:



Жеті турдан кейінгі жалпы есеп төмендегідей:



Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика