Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Бас жүлдеге Руслан Меделбек пен Ришад Тұрғанбаев таласады

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер
Германия – Франция кездесуіне Ришад Тұрғанбаев пен Еркін Шәкірұлы болжам жасаған болатын.

«Еуро-2016» додасында финалға Португалия құрамасымен чемпионат қожайындары Франция жолдама алған болса, журналистер арасындағы «Болжам-бәйге» бәсекесінде «аламандық» Руслан Меделбек пен «жетісулық» Ришад Тұрғанбаевтың бақтары жанды.

Жартылай финалдық бәсекенің екінші жұбы – Германия – Франция кездесуіне «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Еркін Шәкір мен талдықорғандық қаламгер Ришад Тұрғанбаев болжам жасаған. Екеуі де Францияның жеңісіне сенімді болды. Дегенмен, Ришад «Үш жолақтыларды» негізгі уақытта-ақ финалға «шығарса», Еркін пенальти сериясының болатынына сенімді еді. Сондай-ақ, «болжамшылардың» екеуі де голдың авторын дәл тапқан. Ал Ришад Тұрғанбаев, тіпті матчта пенальти болатынын, оны француздардың орындайтынын да тура болжаған.

Сонымен, 10 шілде финал. Сен-Дени қаласы «Стад-де-Франс» стадионы. Кім чемпион атанар екен? 

Германия – Франция 0:2

Болжамшылар

Ойын есебі

Негізгі уақыт

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Ришад Тұрғанбаев

1:2

1:2

Х

Х

0:1

Канте, Пайе, Гризманн

0:1

Х

2:2

Еркін Шәкір

2:2

2:2

0:0

3:5

1:1

Гризманн, Жиру, Жиньяк – Кросс, Мюллер, Гомес.

Х

1:0

2:2

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика