Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Бүгін алғашқы финалист анықталады

Футбол
2K
Еуро-2016: Журналистер болжам-бәйгесі
Португалия – Уэльс құрамаларының ойынына Руслан Меделбек пен Ардақ Тоғымов болжам жасайды.

Бүгін Еуропа чемпионатында ақтық сынға жолдама алатын алғашқы құрама белгілі болады. Жартылай финалдың алғашқы жұбында Португалия мен Уэльс құрамалары кездеседі. Өте ауыр матч. Бір-бірімен деңгейлес, бір-біріне лайықты командалар. Сондықтан, болжамшыларымыздың да пікірлері ұқсас болып тұр. Қалай болса да, қосымша көрсеткіштердің көмегіне жүгінетін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Руслан Меделбек («Аламан.кз» сайты)


Португалия - Уэльс 2:1

Бүгінгі матчта біз алғашқы финалисті білетін боламыз. Мендегі болжам - Португалия. Роналду бастаған Португалия Уэльс ертегісіне нүкте қоюы тиіс. Матч негізгі уақытта тең аяқталып, финалға жолдама алатын команда қосымша уақытта анықталады. Матч бірінші таймнан тартысқа толы болмақ. Алайда алғашқы 45 минутта есеп ашылмауы мүмкін.

Ардақ Тоғымов (Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз қызметі)

Ардақ Тоғымов

Португалия – Уэльс 2:1

Португалияның көсілетін кезі келді. Жартылай финалға жеңіссіз-ақ шыққан «пиренейліктер» енді бар күшін салатын шығар. Құрамында Роналдуы бар олар бірінші минуттан бастап-ақ гол соғудың қамына кірісуі тиіс. Сондай-ақ, «Баварияға» 35 миллион евроға ауысқан 18 жасар Ренату Саншеш те ұнады. Ал Уэльс бұған дейін қанша жерден қарымды ойнаса да, ертегісінің аяқталатын кезі келді. Финалда Португалия құрамасын көретін шығармыз.

Португалия – Уэльс

Болжамшылар

Ойын есебі

Негізгі уақыт

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Руслан Меделбек

2:1

1:1

1:0

Х

0:0

Роналду, Куарежма, Нани – Бэйл

Х

Х

1-2

Ардақ Тоғымов

2:1

1:1

1:0

Х

1:0

Роналду, Ренату Саншеш – Бэйл

Х

Х

2:2

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика