Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Нойер Ришад Тұрғанбаевты жартылай финалға шығарды

Футбол
1K
Еуро-2016. Журналистер
«Еуро-2016» додасының жартылай финалына шыққан үшінші құрама анықталды. Сондай-ақ, «Болжам-бәйгеміз» де шарықтау шегіне жетіп қалды.

Бордо қаласында өткен кездесуде екі команда да негізгі уақытта бір-бірлерін ала алмай, 90 минутта бір-бір голдан алмасты. Матч экстра-таймға, артынша пенальти сериясына дейін созылып, жеңісті Германия құрамасы тойлады.

Бұл кездесуге талдықорғандық Ришад Тұрғанбаев пен ақтаулық Асқар Ағатаев болжам жасаған. «Жетісулық» журналист «Неміс мәшинесінің» жеңісіне бәс тіксе, «Ақтау спорт» порталының редакторы «Скуадра Адзурраның» жеңісіне сенімді еді.

Нәтижесінде жартылай финалға Ришад Тұрғанбаев жолдама алды. Енді оның қарсыласы Франция – Исландия кездесуінен кейін анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалға Тұрғанбаевтан бөлек, «Аламан» порталының редакторы Руслан Меделбек және Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз қызметкері Ардақ Тоғымов жолдама алған болатын. 

"Болжам-бәйгенің" плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Германия – Италия 1:1, 6:5-пен.

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Ришад Тұрғанбаев

2:1

Х

Х

1:1

Гомес, Мюллер, Өзіл

1-0

Х

2-2

Асқар Ағатаев

0:1

Х

Х

0:0

Пелле, Эдер.

Х

Х

3:3

Журналистер болжам бәйгесі

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика