Вернуться к списку статей

Мамандар болжамы: Қазақстан клубтары Еурокубокты қалай бастайды?

Футбол
2K
Болжам-Бәйге. Еурокубоктар
Ертең Қазақстан клубтары үшін жаңа маусымдағы Еурокубок додалары басталады. Осыған орай, болжамшылар бәйгесін бастаймыз.

Жалпы ереже

Бұл бәйгемізге спорт ардагерлері мен жанкүйерлері және мамандар мен журналистер қатысады. Олар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының електік сатысындағы ойындарға болжам жасайды. Қысқаша айтқанда, топтық кезеңге дейінгі Қазақстан клубтарының кездесулері қалай, қандай есеппен аяқталады деп ойлайтын жорамалдары жарияланып отырады.

Әр кезеңдегі ойындар сайын қорытындысын шығарып, ұпайларын санап отырамыз. Жеңімпаз сыйлықсыз қалмайды. «Орамал тон болмайды, жол болады» дегендей, естелік сыйлығымыз да бар. Оның бәрін сәл кейінірек жазамыз. Әрі жеңімпаздан бөлек, үздік болжамшыларымызды да алдағы бәйгелерімізге іріктеусіз қатыстыратын боламыз.


Ұпай есептеу ережесі

Бақ сынаушыларымыз Еурокубок додаларының әр сатысындағы Қазақстан клубтарының үйдегі және түздегі ойындарына болжам жасап отырады. Яғни бұл бәйгеміздің қаншаға созылатыны төрт клубымыздың екі лигадағы жетістіктері мен көрсеткіштеріне байланысты болады. Топтық кезеңге дейін ешқайсысы жете алмай, електік кезеңдерде сүрінсе, біздің бәйгеміз де тәмамдалады. Бірақ біз, кем дегенде екі клубымыз топтық кезеңге дейінгі соңғы елек сатысына жетеді деп үміттенеміз. Сонымен:  

  • Ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға – 3 (үш) ұпай /мысалы, 2:1 немесе 1:1 болып аяқталған матчты 2:1 немесе 1:1 деп, дәл шешу/;
  • Қай команданың жеңетіндігін және доп айырмасын дұрыс тапқан адамға – 2 (екі) ұпай /мысалы, 3:1 болып аяқталған матчты 2:0 немесе 4:2 деп нобайлау/
  • Ойынның қалай аяқталатындығын, яғни қайсысының жеңетіндігін немесе екеуінің тең түсетіндігін тапқан адамға – 1 (бір) ұпай /мысалы, 1:0 немесе 0:0 есебімен аяқалған матчты 3:1 немесе 2:2 деп нобайлау/


Еурокубоктар болжамына қатысатындар

2016/2017 жылдар маусымындағы УЕФА-ның клубтық деңгейдегі екі лигасының електік кезеңіндегі бәйгемізге қатысатындар:

Құралбек Ордабаев – қазақтың даңқты қақпашысы, футбол ардагері;

Есен Елеукен – Қазақстан КВН одағының төрағасы;

Әміржан Мұқанов – футзалдан «Астана-Тұлпар» командасының бас бапкері;

Ілияс Омаров – Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының президенті;

Әйгерім Сабралиева – ҚР футболшылар кәсіподағының мүшесі;

Максим Жалмағамбетов – ардагер футболшы, Қазақстан ұлтық құрамасының бұрынғы ойыншысы;

Мұрат Сүймағамбетов – ардагер футболшы, Қазақстан ұлтық құрамасының бұрынғы ойыншысы;

Әнуар Әбдірахманов – спорт шолушысы, жас буын өкілі (Жарқын Түсіпбекұлын ауыстырды);

Айдын Қожахмет – танымал футбол шолушысы және сарапшысы;

Ербол Каиров – спорт журналисі, комментатор;

Думан Балықбаев – танымал футбол шолушысы.



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика